Жақып Асанов: Судья әділ болуы керек

349

Бүгін «Сот риторикасы: оқыту және тәжірибе мәселелері» тақырыбында өткен халықаралық конференцияда Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов судьялар қызметінде шешендіктің маңызы туралы айтты.

«Жалпы соттағы шешендік деп айтсақ, ең алдымен адвокаттың, прокурордың, тараптардың жарыссөзге қатысуы біздің ойымызға келеді. Өйткені адвокаттар, прокурорлар өздерінің позициясын өткізу үшін, процессте жеңіп шығу үшін бар шешендігін көрсетуі тиіс. Олар сонда ғана мықты маман деп саналады. Ал енді судья шешен болуы керек дегенді біз көп айта бермейміз. Өйткені процесстерде көп сөйлейтін, жарыссөзге қатысатын олар – адвокаттар, прокурорлар мен тараптар. Ал жарыссөзге судья, алқабилер көп қатыса бермейді, олар үндемей іштей баға беріп отырады. Дегенмен судьяның сөз шеберлігі өте маңызды, өте өзекті мәселе. Өкінішке қарай, осы проблеманы көтермейміз, ол жөнінде айтпаймыз. Ең алдымен олар заңды, әділ болуы керек. Екінші жағынан судья сол үкімді, шешімді шегелеп тұрып, дәлелдеп тұрып жазу керек. Содан кейін жазғанын тараптарға қарапайым әрі түсінікті тілмен ауызша айтып беру керек», — дейді Жоғарғы сот төрағасы.

Дереккөз: baq.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *