Гүлшара Әбдіқалықова: Қасиетті топырақты қастер тұту перзенттік парызымыз

399

Бүгін Ақтөбеде ашаршылық, қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасы өтті.  Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова қуғын-сүргін құрбандары жерленген «Түйетөбе» ескерткішіне барып, репрессия құрбаны болған ата-баба рухына тағзым жасады.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әрбір жұрт тарихтан өзінше тағылым алады» деген сөзі бар. Біздің Тәуелсіздікке дейінгі тарихымызда халқымыздың тартқан қасіреті аз болмаған. Соның ең қасіретті тұсының бірі — арыстарымыз жаппай қуғын-сүргінге ұшыраған 1930-1950 жылдар. Жұрт жеті ағайынды. Қынадай қырылған ашаршылықтың артында жұртты жаппай жазалау басталды. Халық саны күрт кеміген өткен ғасырдың 30-жылдары ұлтымыздың бетке ұстар зиялы қауымы кінәсіз атылды. Зұлмат жылдардың жаңғырығы халық жадынан өшпейді. Азаттық алып, егемен ел болғалы жақсылар мен жайсаңдарды түгендеп келеміз. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған 31 мамар — барша қазақстандықтар үшін қастерлі күн. Бүгін еліміздің түкпір-түкпірінде 4 мыңнан астам әртүрлі іс шара жүзеге асырылуда. Ел басына күн туған қаралы кезеңде Ақтөбе халқының да тартқан тауқыметі орасан зор. Сондықтан біз мұнда әруақтар алдындағы адами борышымызды орындап, жазықсыз жапа шеккен жандардың рухына тағы бір мәрте тағзым етеміз. Ақтөбе облысында 8 мыңдай адам саяси қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 2 мыңнан астамы ату жазасына кесілген. Ату жазасына кесілгендер осы Түйетөбе сайында жерленген. Зұлмат замандарда арыстардың көрген қасіретін ішке бүгіп келдік. Сондықтан мұндай қасиетті топырақты қастер тұту біздің перзенттік парызымыз»,-деді хатшы.

Дереккөз: inform.kz

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *