Дәрумендер мен биологиялық белсенді қоспалардың пайдасы жоқ

162

Дәрумендер мен биологиялық белсенді қоспалардың пайдасы да, зияны да  жоқ болып шықты. Дәруменді қоспалар денсаулыққа ешқандай әсер етпейді. Канадалық ғалымдардың үлкен тобы Journal of the American College of Cardiology  журналында танымал дәруменді, мултидәруменді қоспаларға 2012-2017 жылдары жасалған жүйелі зерттеулердің нәтижелерін жариялады. Зертеулер көрсеткендей, олардың өлім деректеріне еш әсері болмаған. «Ең кең таралған қоспалардың ең аз пайдаларын анықтағанда» таңданысымызда шек болмады» дейді  Дэвид Дженкинс. Оның айтуынша, егер мультидәрумендерді, Д дәруменін, кальций және С дәруменін қабылдауға бекінсеңіз, олардың денсаулығыңызға залалы болмайды, дегенмен айтарлықтай пайдасы да жоқ. Қоспаларды зерттей келе, ғалымдар оларды үш топқа бөлген. Тек бірінші топтағы қоспалардың қабылдануы мен өлім қаупінің азаю арақатынасын анықтаған, яғни фолий қышқылы мен В тобының дәрумендері жүрек-қан тамыр ауруларының пайда болуына ықпал етеді. Екінші топ: мультидәрумендер, С, D дәрумендері, бета-каротин, кальций, селен денсаулыққа ешқандай әсер етпейді. Ал үшінші топтағы антиоксиданттық жиынтықтар мен ниацин (никотин қышқылы) денсаулыққа жағымсыз салдар тигізуі мүмкін.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *