Бүгін ел өңірінде ауа райы құбылмалы болады

75

Бүгін елімізде ауа райы құбылмалы болады. Кей өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал кейбір жерлерде жел күшейіп, дауыл болуы мүмкін. Оңтүстік аумақта шаңды дауыл күтіледі.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды. Оңтүстік Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде шаңды дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Солтүстік  Қазақстан  облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді; дауыл, тұман болып, бұршақ жаууы мүмкін; түнде және таңертең тұман күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Ақмола облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман, күндіз дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін. Жамбыл облысының кей жерлерінде дауыл соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Қызылорда облысында күндіз жел соғып, шаңды дауыл тұрады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Алматы облысының, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Павлодар облысында найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Дереккөз: inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *