Талдықорғанда тағы екі адам менингит дертімен ауруханаға түсті

148

Талдықорғанда тағы екі адам менингит дертімен ауруханаға түсті. Науқастың бірі колледж студенті.

«Екі адам кеше ауруханаға түсті. Науқастарға клиникалық тұрғыда қойылған диагноз — менингококк инфекциясы.  Лабораториялық  анализдері тексеріліп жатыр. Екеуінің жағдайы ауыр. 21 жастағы науқас инфекциялық ауруханада, 19  жастағы жігіт облыстық ауруханада жатыр», — деп  мәлім етті  Талдықорған қаласының өңірлік жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Бауыржан Сауранбаев.

Дәрігердің мәліметінше, екі науқастың бір-біріне қатысы болмаған. Қазір 19 және 21 жастағы жігіттер жансақтау бөлімінде ем қабылдауда.

Дереккөз: Қазақпарат




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *