«ASTANA FM ON AIR» музыкалық фестивалі өтеді

177

Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған ауқымды мәдени шара – «Astana FM ON AIR» музыкалық фестивалі. Ашық аспан астындағы open-air концерт Есіл жағасындағы жаңа Амфитеатрда өтеді. Фестивальде Астана ФМ эфиріндегі хит әндер шырқалып, радионың жүргізушілері қызықты ойындар өткізеді. Думанды кешке Маржан Арапбаева, «Бәйтерек» тобы, «Белес» тобы, Гүлнұр Оразымбетова, Бауыржан Исаев, Асқар Жайлаубаев, Құрмаш Маханов, Дос, Адам, Ренат Мальцагов, Жұлдыз Уәлихан, «Z»тобы, «Ағайынды Жүгінісовтер» және тағы да басқа астаналық орындаушылар қатысады деп жоспарлануда.

Фестивальдің негізгі мақсаты – Астана радиосының бренд жобаларының бірі – «Жұлдызды Астана» хит-шеруінің жеңімпаздарын бір сахнада жинап, оларды телеарна арқылы халыққа кеңінен насихаттау. Астананың мәдени дамуына үлес қосқан авторлар мен орындаушыларға қолдау көрсету. Бұл жоба Астана радиосының имиджін көтеруге бағытталып, жыл сайынғы дәстүрлі шара ретінде өзін таныта білді.

Бұған дейін «Astana FM ON AIR» музыкалық фестивалі 2017 жылы халықаралық «EXPO 2017» көрмесінің аясында өтіп, халықтың көңілінен шыққан креативті жоба ретінде танылған болатын.

«Astana FM ON AIR» музыкалық фестивалін ұйымдастырған «Qazaq radiolary» және Астана радиосы. Фестиваль Астана қаласының Мәдениет және спорт Басқармасының қолдауымен өтеді. Концерттің телевизиялық нұсқасын «Қазақстан» телеарнасы көрсетеді.

Фестиваль 7 шілде күні 19.00-де басталады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *