Тым ұзақ ұйқы қауіпті

245

Тым қысқа ұйқы да қауіпсіз емес…

Жапониялық ғалымдар тым ұзақ ұйқы мен тым  қысқа ұйқының ақылдың кемуі мен 60 жастан асқан адамдарда мезгілсіз өлімге әкелетінін анықтады. Мамандардың бұл туралы  мақаласы Journal of the American Geriatrics Society басылымында жарияланды. Ғалымдар жүргізген зерттеуге 1517 адам қатысқан. Оларға 10 жыл бойы бақылау жүргізілген. Осы уақыт аралығында 294 еріктіде ақыл-ойдың кемуі байқалып, 282 ерікті көз жұмған. Ақыл-ой кемістігі мен мезгілінен бұрын өліммен аяқталған деректер тәулігіне бес сағаттан кем, немесе он сағаттан көп ұйықтаған еріктілерде анықталып,  көрсеткіштер ұйқыға 5-6,9 уақыт жұмсаған еріктілерден жоғары болған. Дегенмен егде жастағы адамдардағы физикалық белсенділіктің жоғары болуы  ұйқы тәртібін сақтамауды өтеп, кәріліктен туындайтын аурулардың пайда болу ықтималдығын азайтқан. Ал Швециядағы Стокгольм университеті ғалымдарының  айтуы бойынша, демалыс күндеріндегі ұзақ ұйқы оның жұмыс күндеріндегі жеткіліксіздігін толықтырады. Осылайша ұйқының аздығымен, немесе көптігімен байланысты аурулар мен мезгілсіз өлімнің алдын алады. Бұл ретте 65 жастан асқан адамдар үшін қысқа ұйқының өзі де жеткілікті болып саналады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *