Біз білмеген қызықты деректер

344

Британдық ғалымдар адамға нағыз бақыт сезімін тек дәмді тағамның ғана әкелетінін анықтады.  Қарны аш адамның көңіл-күйі төмен болатыны, ал тамақтанған соң жаны жайланатыны  бәрімізге белгілі. «Бақыт сезімін сыйлайтын» тағамдар арасында түрлі тәттілер мен фри картобы бар. Адамдардың көбі осылардан дәм татқан кезде өздерін бақытты сезінеді екен. Одан кейінгі орында қызыл және қара уылдырық тұр. Олар байлық және молшылықпен байланыстырылады.

NASA мамандары ертеде қызыл ғаламшар аталатын Марста тірі ағзалар үшін жарамды судың болғаны туралы қорытындыға келді. Мұндай тұжырымды олар  Opportunity марсоходының көмегімен жасаған. Ғарыш аппараты ғаламшар бетінен ежелгі саздың кесегін тапқан. Әдетте мұндай кесектер тек суы бар жерде ғана түзіледі.

Ғалымдар не себепті адамдардың диктатор болып туылатындығы туралы қызық мәліметтер жариялады. Дүниеге келген 2000 нәрестенің 1-еуі тіспен туылады. Кез келген ана үшін тісі жарған нәрестені емізу азаппен пара-пар. Мұндай бала үнемі өзіне назар аударғанды талап етіп, оның жеткіліксіздігін жиі сезінеді, әрі үстемшіл болып келеді. Антропологтардың айтуынша, Юлий Цезарь, Наполеон, Муссолини, Гитлер секілді тарихи тұлғалар өмірге жарып шыққан тіспен келген.

Көп жылдық зерттеулерден кейін америкалық ғалымдар ерлердің 67 пайызында көру қабілетінің нашарлауы тығыздап бүрілген  жағаға байланысты болатындығы туралы қорытынды жасады. Бұл, әсіресе, галстук тағатын ерлерге қатысты. Қатты байланған галстук қанның көзге құйылуын шектеп, қан қысымына әсер етеді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *