«Шалаказахфильм» немесе киноның тілі қандай тіл?

210

 

«Хабардан» «Тайталас» деген сериалды көріп отырмын. Жап-жақсы дүние сияқты, тек кейіпкерлерінің орысшаны көп қосатыны болмаса…
«Сайтымызда ПРОСМОТР көбейетін болды » деді бір кейіпкер…Екіншісі үйге «мамалап» кірді…Үшіншісі бастығына «Сабит Мажитович» деп мөлиді…Тізе берсең кете береді.

 
Дәл осындай мемлекеттік арна — «Қазақстан» корпорациясы «маманы» барлық сериалдарында «анашым» дегізді, «просмотр» дегенді мүлдем эфирге жібермейді. Қызық! Екеуі де ҚАЗАҚ деген халықтың арналары. Бірі сериалдың тілі таза қазақша болуын қадағалайды, екіншісі «шалаказакша» сериалға көзжұмбайлық жасайды.
Үлкен кинода да солай!

«Қазақфильм» қазақша киноларға бөтен тілдің кіріп кетпеуіне көп мән береді. Ал, кинотеатрларды жаулап алған коммерсанттар — Адамбаев, Қоянбаевтардың кинолары керісінше орысша араласқан «ботқа» болып шығуда. Бір сөзбен айтқанда, Досхандардың киносының тілі — қазақша, Қоянбаевтардікі — шалақазақша…
Осыған қарап «ҚАЗАҚФИЛЬМГЕ» кереғар «ШАЛАКАЗАХФИЛЬМ» баяғыда қалыптасып қойған ба деп те ойлайсың. Тек оны ресми түрде рәсімдеу ғана қалған сияқты…

Арман Сқабылұлының фейсбук парақшасынан




2 thoughts on “«Шалаказахфильм» немесе киноның тілі қандай тіл?

  1. Манас

    Көрерменнің деңгейіне сәйкес дүние секілді. Қазақ тілінде түсірілген кинолар бағасын өтей алмайды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *