Алматыда алғашқы халықаралық «Almaty Film Festival» кинофестивалі өтеді

146

Алматыда 15-19 қыркүйекте «Мәдениетті жақындату» айдарымен алғашқы халықаралық «Almaty Film Festival» кинофестивалі Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Халықаралық «Almaty Film Festival» кинофестивалінің президенті отандық режиссер Ақан Сатаев.

«Almaty Film Festival» – киноматографистердің халықаралық ынтымағын дамытатын және Алматыға халықаралық жобаларды тартатын мәдени жоба. Бұл жоба қаланың халықаралық аренада республикамыздың мәдени және туристік орталығы имиджін айшықтай түсетін үлкен мүмкіндік.

Кинофестиваль аясында мазмұнды 5 күндік бағдарлама жүзеге асады. Кинофестиваль «қызыл кілем» үстімен отандық және әлемдік киноиндустрия жұлдыздарының жүріп өтуімен ашылады, мерекелік концерт, «Кинематографияның дамуына қосқан үлесі үшін» марапттаулары өтеді. Кинофестивальдің жабылуы барысында оның қорытындысы шығарылып, конкурс жеңімпаздарына жасаған киножұмыстары үшін сыйлықтар тапсырылады.

Конкурстың басты тақырыбы – «Мәдениетті жақындату». Шара кезінде 2018 жылдың кинокартиналары көрсетіледі, олар екі және одан да көп елдің киноөнімдері болып табылады. Конкурсқа көпжылдық серіктестік қалыптасқан және халықаралық кинофестивальдерге қатысқан елдің өнімдері болып табылатын фильмдер жіберіледі.

Негізгі конкурс фильмдері номинацияланады және мына категориялар бойынша марапатталады: «Гран-при», «Үздік режиссерлік жұмыс үшін», «Үздік еркек рөлі үшін», «Үздік әйел рөлі үшін», «Жюридің арнайы жүлдесі».

Сонымен қатар конкурстан тыс бағдарламалар көрсетіледі, олар: «Мәдени және табиғи мұра, туризм мен спорт», «City in motion», «Балалар және отбасылық кино», «Almaty Vine Fest».

«Almaty Film Festiva» бизнес форумын өткізу жоспарланған, оның барысында дөңгелек үстелдер, панелді дискуссиялар, шеберлік сыныптары және басқалары ұйымдастырылады.

Қонақтар арасында және жюри құрамында халықаралық және жергілікті ассоциациялардың, дистрибютерлік медиа компаниялардың, әлемдік кинокомпаниялардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, қазақстандық артистер мен режиссёрлар болады.

Дереккөз: baq.kz




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *