Бүгін елордадағы этноауылда «Көшпенділер əлемі» халықаралық көшпенділер мәдениетінің фестивалі басталды

68

 

Фестиваль Венгрия, Болгария, Түркия, Украина, Ресей (Башқұртстан, Якутия), Қырғызстан мен Қазақстан өкілдерінің және «Қазақстан Барысы», «Көкпар», «Аударыспақ», «Жамбыл ату» секілді ұлттық спорт түрлерінен Қазақстан Чемпионатына қатысушылардың салтанатты шеруімен басталды.

«Алда келе жатқан елордамыздың 20-жылдық мерейтойы құтты болсын. Биыл мереке аясында көптеген ірі — ірі мәдени — экономикалық, спорт шаралары өтеді. Бүгін басталған «Көшпенділер əлемі» осы 20-жылдық жəне «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отырған ерекше салтанаты бар, мəн-мағынасы өте терең шаралардың бірі болады деп ойлаймыз», — деді Астана қаласы əкімінің орынбасары Ермек Аманшаев.

Екі күнге жалғасатын этнофестивальдің алғашқы күнінде Қазақстан, Венгрия, Болгария, Башқұртстан мен Түркия командалары күні бойы өнер көрсетеді.

Фестиваль ұйымдастырылған аумақ 7 ауылға бөлінген. Мұнда жаужүрек сарбаздар, садақшы мергендер, ат құлағында ойнайтын шабандоздар, музыканттар жəне қолөнер шеберлері өнер көрсетіп жатыр. Олар сан түрлі қойылымдар қойып, ұлттық ойындар ойнап, ас əзірлеп, көрермендерді тәнті етуде.

Сондай — ақ, фестиваль аясында «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ мен «QazaqGeography» РҚБ арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *