Үкімет отырысында Бақытжан Сағынтаев нақты тапсырмалар жүктеді

325

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев цифрландыру саласы бойынша тапсырмалар жүктеді.

«Жалпы, қаржы секторын цифрландыру бойынша барынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Дегенмен де «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша жол картасында көзделген барлық шараларды уақытылы орындауды қамтамасыз етіп, жоспарланған мақсаттар мен индикаторларға қол жеткізу қажет. Бұл бағыттағы жұмыстарды бақылауда ұстаңыз», — деп Үкімет басшысы орынбасары Асқар Қуанышұлына тапсырма берді.

Министрліктің мәлімдемесінде 2017 жылы 18 млн қызметтің шамамен 16 миллионын немесе 88 пайызын электрондық түрде көрсетті.  «Ағымдағы жылдың аяғына дейін 6 мемлекеттік қызметті электрондық форматқа көшіруді, 25 мемлекеттік қызмет бойынша көрсету мерзімін және ұсынылатын құжаттар тізбесін қысқартуды жоспарлап отырмыз. Электрондық салықтық декларацияларды веб-порталға және «электрондық үкімет» мобильдік бағдарламаларына аудару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде, электрондық түрде көрсетілген қызметтердің үлесі 95 пайызға дейін жеткізілмек. Салықтық есептілік тапсыру, акциз маркасы мен фискалдық чекті тексеру сияқты сервистерге IT-компаниялардың өз қосымшалары мен сервистерін әзірлеуі үшін ашық интерфейс (Application programming interface) түрінде қолжетімді болады», — деп отырыстағы сөзінде Б. Сұлтанов айтып өтті. Министрдің айтуынша, «Орталықтандырылған бірегейлендірілген дербес шот» жүйесінің енгізілуімен, салық берешегінің бар/жоғы туралы анықтама беру қызметін көрсету уақыты 3 күннен бірнеше минутқа дейін қысқарды. Жыл сайын осындай 5 миллионнан астам анықтама беріледі екен. Бұл деректерді жинау мерзімін, бюджетті келісу мен оны бекіту мерзімдерін де  ұзаққа созып жібереді. Автоматтандыру бюджеттік өтінімді қалыптастыруға шығыстарды (қағаз, кеңсе тауарлары, іссапар шығыстары, пошта қызметтері) 70 пайызға, ал келісу мерзімдерін 4 есеге (80-нен 20 күнге дейін) қысқартады. Бұдан әрі бюджеттік және стратегиялық жоспарлау процестерін интеграциялау іске асырылатын болады.

«Дербес шоттарды орталықтандыру арқасында салықты қате төлеу жағдайлары 3 есеге азайды (2,5 млн.-нан 800 мыңға дейін), бұл негізсіз өсімпұл есептеуді болдырмауға алып келді. Сондай-ақ салық төлеушінің өтінішінсіз бір салықтан басқа салыққа автоматты түрде есепке жатқызу мүмкіндігі пайда болды», — деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Дереккөз: inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *