Неймар Месси мен Роналдудан асып түсті

399

Футболдан Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар 2018 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалындағы Мексикамен болған ойында гол салып, Криштиану Роналду (Португалия) мен Лионель Мессиден (Аргентина) асып түсті.

Бразилиялық үшін бұл мундиальдің плей-офф кезеңіндегі алғашқы гол болды. Роналду мен Месси бұл кезеңде гол салған жоқ.

Жалпы Неймар 89 матчта қақпаға 57 рет доп салған. Бразилия құрамасы тарихындағы үздік бомбардирлер тізімінде форвард үшінші тұр. Тізімді 92 матчта 72 гол салған Пеле бастап тұр, екінші орында 98 матчта 62 голмен Роналдо.

2 шілдеде Бразилия құрамасы Мексиканы 2:0 есебімен ұтты. Бұл ойында Неймар есеп ашты, осыдан кейін гол салуға септесті. Ширек финалда Бразилия камбек жасап, Жапонияны жарыстан шығарып жіберген Бельгия құрамасымен кездеседі.

Португалия мен Аргентина құрамалары Уругвай (1:2) мен Франция (3:4)  құрамаларына жол беріп, 2018 жылғы әлем чемпионатынан шығып қалды.

2018 жылғы футболдан әлем чемпионаты Ресейдің 11 қаласында өтіп жатыр, ол 15 шілдеде «Лужники» стадионында аяқталады.

Vesti.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *