«Төрешілер шешіміне жеткізбеу». Головкиннің командасы «Канеломен» жекпе-жекке қандай әдіс ойлағанын айтты

530

Промоутер Том Леффлер мен бапкер Абель Санчес қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы қарымта жекпе-жекке қатысты ұстанған жоспарларын айтып берді.

  Facebook желісіндегі телеконференция кезінде Леффлер орта салмақтың басты екі жұлдызы екінші рет жекпе-жек өткізетіні өте қуанышты жағдай екенін және Головкин бұл жолы қарымтаның немен аяқталатынын төрешілер емес, өзі шешпек ниетте екенін атап өтті.

«Біз 15 қыркүйекте жай ғана қарымта жекпе-жекті тамашаламаймыз. Боксшылардың көбі бір ғана жекпе-жекті өткізе алмай жүр, ал мұнда ең ірі бокс жұлдыздары қарымта өткізбек. Ешкім төрешілер шешіміне дейін жеткізгісі келмейді. «Канело» нокатуқа түсерітінін айтады, ал Головкин былтыр қыркүйектегі, яғни тағдырын үш адам шешетін күйге қайта түскісі келмейді. Ол тағдырын өзі қолға алып, 15 қыркйекте кімнің чемпион екеніне күмән қалдырғысы келмейді», — дейді промоутер.

Ал Санчес қазақстандық боксшының қарымтаға дайындығы қалай өтіп жатқанын айтып берді.  «Әрине аздаған өзгерістер болады, бірақ, Геннадий көрермендерге ұнайтын және мерзімінен бұрын аяқталған 23 жекпе-жек сериясында сыналған стильде жұдырықтасады. Өзгерістер өте аз болады деген ойдамын. Алайда көп нәрсе «Канелоның» батылдығын қалдырып кетпей, өзімен ала шығуына байланысты», — дейді бапкер.

Еске салайық, Головкин мен Альварес былтыр 16 қыркүйекте жұдырықтасқан. Биыл 15 қыркүйекте боксшылар Лас-Вегастағы T-Mobile аренассында рингтегі қарсыластығына нүкте қоймақ. Бокс кешін HBO арнасы ақылы трансляциялар жүйесі арқылы көрсетеді.

tengrinews.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *