Қазақстанда магистральдық газ құбыры жөніндегі ұлттық оператор айқындалды

273

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобына кіретін «Интергаз Орталық Азия» АҚ Магистральдық газ құбыры жөніндегі ұлттық оператор мәртебесін алды, — деп хабарлайды «ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз қызметі.

Қолданыстағы «Магистральдық құбыр туралы» ҚР Заңына сәйкес, Үкіметке магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалданатын мұнай және газ тәрізді өнім түрлері бойынша магистральдық құбырлардың ұлттық операторларын айқындау құзіреті бекітілген. Мұнай тасымалдауды ұлттық оператордың құқығында «ҚазТрансОйл» АҚ жүзеге асырады. Бұл ретте Қазақстан Республикасында газ тасымалдау жөніндегі ұлттық оператор айқындалмаған болатын. Үкімет қаулысына сай енді бұл функцияларды «ҚазТрансГаз» АҚ еншілес компаниясы «Интергаз Орталық Азия» АҚ жүзеге асыратын болады.

Жаңа ұлттық оператордың негізгі міндетіне тауарлық газды ішкі және сыртқы нарықтарға магистральдық газ құбырларымен тасымалдау кезінде мемлекет пен басқа да қатысушылардың мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады. Одан бөлек, компания магистральдық газ құбырлары жүйелерінің инновациялық дамуын және оның әлемдік энергетикалық жүйеге интеграциялануын қамтамасыз ете отырып, тауарлық газ ағынын әртараптандыру арқылы мемлекеттің энергетикалық әлеуетін арттырады.

Ұлттық оператор экспорттық бағыттарға тауарлық газды тасымалдау және магистральдық газ құбырларына қосылған ішкі тұтынушыларға тауарлық газды тасымалдау режиміндегі сенімді теңгерімді қамтамасыз етуін жалғастырады. Бұл әсіресе, газ тасымалы желілеріне ең үлкен жүктеме түсетін қысқы жылыту маусымында аса өзекті.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *