«Эйр Астана» елорданы мерейтойымен құттықтайды!

58

«Эйр Астана» әуекомпаниясы Астананы 20 жылдығымен құттықтайды. Өзінің 16 жылдық қызметі ішінде әуетасымалдаушы мегаполисті шетел астаналары мен ірі қалаларымен байланыстыру арқылы оның өркендеуіне едәуір үлес қосты.

«Эйр Астана» әуекомпаниясының президенті Питер Фостер: « Біз жас елорданы айрықша күнімен құттықтаймыз. Астана еліміздің таңбасына және экономикалық, қаржылық және мәдени өміріміздің орталығына айналды. Әуекомпания Астанадан және Астанаға бағдарлық желіні

ұлғайтуды жалғастырмақ. Астананы жақын және алыс шетелдегі ірі қалаларымен байланыстырып, ыңғайлы түйісулермен қоса транзиттік мүмкіндіктерді ұлғайтпақ».

Өз атауын жас елорданың құрметіне алған Қазақстанның азаматтық авиациясының көшбасшысы 2002 жылы құрылып, Астана мен Алматы арасында 3 күнделікті рейстен бастаған, ал қазір ек қала арасында күніне 9 рет қатынайды. Әуекомпания Астанадан 23 халықаралық бағыт бойынша Ресейдің, Алмания, Ұлыбритания, Франция, Үндістан, Қытай, Таиланд, Оңтүстік Корея, Әзірбайжан, Грузия, Түркия, БАӘ, Қырғызстан және Өзбекістан астаналары мен қалаларына ұшулар орындайды. Оған қоса еліміздің 10 қаласына қатынайды.

Қазақстан арқылы транзиттік халықаралық жолаушылар саны 2010 жылдан бері 10,718 адамнан 2017 жылы  488,714 адамға дейін өсті, яғни әрбір 4-ші жолаушы транзиттік.

2018 жылы әуетасымалдаушы Астанадан Түменге және Қазанға жаңа рейс ашты, Астанадан Лондонға рейстер күнделікті болды, басқа да халықаралық бағыттарда жиі қатынайтын болды. Халықаралық рейстер саны Астанадан 2011 жылмен салыстырғанда 4 дүркін көбейді және аптасына 117 рейсті құрады, ал 2020 жылға дейін бұл санды еселетпек.

Қазақстанға туристерді тарту үшін «Эйр Астана» Stopover Holiday бағдарламасын енгізген. Алғашқы тәулік үшін компания рейсімен келіп ары қарай ұшатын жолаушыға АҚШтың бір долларына қонақ үй, таңғы ас пен әуежайдан қонақ үйге және керісінше көлік ұсынылады.

Соңғы 2,5 жыл ішінде бағдарламаны 21 мың адам қолданған.

Маршруттық желіні кеңейтуден басқа әуекомпания авиациялық-техникалық базаны жетілдіруде, бұл Астана қаласының аймақтағы авиациялық және транзиттік хабы ретінде өркендеуіне жағдай тұғызады. Үстіміздегі жылы компания Нұрсултан Назарбаев әуежайы аумағында авиациялық- техникалық орталықты іске қосқан. Онда меншікті және өзге әуекомпанияларының ұшақтарына техникалық қызмет көрсетіледі.

«Эйр Астана» АҚ

Корпоративтік коммуникациялар жөніндегі департаменті




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *