Медицина қызметкерлері Астана күніне орай флешмоб ұйымдастырды

69

Бүгін 5 шілдеде Астанадағы «UMC» Назарбаев университетінің корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Астананың 20 жылдық мерейтойына орай Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының аумағында 100-ден астам медицина қызметкерінің қатысуымен флешмоб өтті

«Нұр Отан» партиясының Астана қалалық «Өркениет» филиалы ұйымдастырған акция Астананың 20 жылдық мерейтойына арналды. Ақ халат киген 100 қызметкер «20 жыл» деп жазды.

«UMC» Назарбаев университетінің корпоративтік қоры мен Ана мен бала ұлттық ғылыми және республикалық диагностикалық орталығы 100-ден астам медицина қызметкерінің қатысуымен Астанамыздың 20 жылдық мерейтойына арналған флешмоб өткізіп жатыр. Бүгін медицина қызметкерлері бәрі жиналып отыр. 2008 жылы Елбасымыз осындай үлкен ұлттық қорды жариялаған болатын. Биыл орталықтарымызға 10 жыл, ал Астанамызға 20 жыл толып отыр. Елбасымыздың биылғы Жолдауында медицина үлкен көңіл бөліп отыр. Медицина саласының ұжымдары 20 жылдыққа жақсы көңілдерін білдіріп, қолдайтындарын көрсету үшін осындай акция жасап отыр», — деді республикалық диагностикалық орталықтың Ядролық медицина бөлімінің маманы Серік Нұркенов.

Дереккөз: Baq.kz




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *