Серпіндіктердің алғашқы түлектері диплом алды

124

   «Серпін-2050» бағдарламасын іске асыру жолында өнімді еңбек етіп келе жатқан жоғарғы оқу орындарының бірі — Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті. Бұл бағдарлама 2014 жылы бастау алған еді. Басты мақсат — жастарды инудстриялы өлкеге тартып, жұмыс күшін тиімді басқару. Мәселен, солтүстіктегі өндіріс ошақтарына жұмыс күштері жетпей, мамандар тапшылығы байқалып жатады. Ал бала туу көрсеткіші жоғары оңтүстік және батыс облыстарда керісінше. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәңгілік ел идеясы шеңберінде «Серпін-2050: Мәңгілік ел жастары — индустрияға» атты әлеуметтік жобасы өз жұмысын бастады. Жоба негізінде Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының жастары солтүстік облыстарға келіп оқулары керек. Мүкіндігінше жұмысқа орналасып, осы өлкелерде орнығуы тиіс.

    Бұдан төрт жыл бұрын Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті оңтүстік өңірден келген 135 студентті осы бағдарлама шеңберінде қабылдаған болатын. Биыл осы серпіндіктердің алғашқы түлектері дипломдарын қолға алды. Осылайша төрт жыл бұрын институтқа түскен олар аз уақыт ішінде университет дипломына ие болып отыр.

    Жалпы биыл Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінен 400-ден астам студент түлеп ұшса, оның 270-і қызыл дипломмен бітірген. Мұнда оқитын жастардың көбі ауылды жерлердің балалары. Сондықтан аталмыш оқу ордасы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі шеңберінде жатақхана салу жұмыстарын да қолға алмақ.

    Университтеттің биылғы жаңалықтарының ішінде, айрықшасы, оқу орны құрамынан  колледж бен 14 педагогикалық мамандық бойынша магистратура, 6 мамандық бойынша докторантура дәрежесіндегі оқыту деңгейінің ашылғандығын айтуға болады.

Жанасыл  СЕРІКБОЛ

ПМПУ Баспасөз қызметінің тілшісі




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *