«Азияның медиа диалогы» форумы басталды

217

Бүгін Астанада «Азияның медиа диалогы» форумы өз жұмысын бастады. Шара шілденің 10 мен 12 арлығында өтеді деп жоспарлануда, сондай-ақ, оған көршілес елдердегі және Еуропаның медиамендержерлері қатысуда, форум аясында заманауи медиаконтенттің, яғни телерадио басшылары,  журналистер және медиаменеджерлер диалог алаңында еркін тәжірибе алмасады.  Форум  «Азия елдеріндегі Радио», «Медиа 2020» және  диалог алаңы бағыттарында өтеді. Форумға Бельгия, Германия, Жапония, Қытай, арабтың хабар тарату қауымдастығы, Үндістан радиосының өкілдері арнайы келді,  Еуропа мен Азиядан 40 мемлекеттің өкілі бас қосады. Ресми шаралар аяқталған соң, «ABU Radio Song Festival» деп аталатын радио фестиваль өтеді. Онда отандық және шетелдік жас әншілер өнер көрсетеді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *