Головкинге «Канелодан» кейінгі қарсылас табылды

89

Орта салмақтағы WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) бапкері Абель Санчес мексикалық Сауль «Канело» Альварестен кейін GGG-ге кімді қарсылас ретінде көргісі келетінін айтты.

Мұның алдында Головкиннің өзі қарсылас ретінде орта салмақтағы WBO чемпионы Билли Джо Сондерсті (26-0, 12 КО) көргісі келетінін айтқан. Сонымен қатар, қазақстандық WBC мен WBA ұйымдары міндетті қорғауды талап етуі мүмкін екенін де есепке алды.

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Головкин — Альварес қарымтасының жеңімпазына міндетті қарсылас ретінде америкалық Джермалл Чарлоны (27-0, 21 KO) белгіледі. Ал WBA ұйымы жапониялық Риота Муратаны (14-1, 11 КО).

Санчестің сөзінше, Головкиннің келесі жекпе-жегіне ең белгілі және жақсы қарсылас Сондерс.

«Чарло жақсы боксшы. Алғашқы орта салмақта атағын ұстап тұрды. Кейде онда қиындықтар болады, өйткені көп сөйлейді. Бірақ ол Головкинмен жұдырықтасу үшін айтарлықтай танымал емес. Сондерспен жекпе-жек маңыздырақ деген ойдамын», — деп келтіреді Санчестің сөзін BoxingScene.com.

Еске салайық, Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек 15 қыркүйекте Лас-Вегакстағы T-Mobile аренасында өтеді және HBO арнасында ақылы трансляциялар жүйесі арқылы көрсетіледі.

 

Vesti.kz




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *