Ернар Садырбаев «Славян базары» конкурсында жеңіске жетті

321

Беларуссияның Витебск қаласында өткен «Славян базары» халықаралық фестивалінде қазақстандық әнші Ернар Садырбаев бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі «БелТА» агенттігіне сілтеме жасап.

Конкурста Әміре атты лақап атпен өнер көрсеткен Садырбаев екі күннің қорытындысы бойынша 156 балл жинады. Мұндай балды румындық әнші Марчел Рошка да жинапты. Қазылар алқасының шешімі бойынша ол фестивальдің гран-при жүлдесін иеленген.

«Славян базары» халықаралық фестивалінде Әміре бірінші орынды иеленіп, 15 мың доллар көлеміндегі ақшалай жүлдеге ие болды. Қазақстан мен Румыния 156 балдан жинады. Бірақ қазылар алқасының шешімімен гран-при Румынияға берілді. Олардың шешімімен дауласуға да болады. Бірақ мен де, әнші де осыған ризамыз», — деді қазақстандық әншінің продюсері Жан Мұқанов.

Сонымен қатар, ол Әміреге қолдау білдірген Қазақстан делегациясына әлеуметтік желіде қолдау білдірген азаматтарға ризашылығын білдірді.

Жан Мұқановтың айтуынша, фестивальде екінші орынды Украина иеленсе, үшінші орынды Польша мен Беларуссия өзара бөліскен.

Әншілерді марапаттау рәсімі бүгін, 16 шілдеде өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, аталған халықаралық фестивальді 2015 жылы қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген жеңіп алған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *