Жолдағы жемқорлық

398

«Пара берсең жазаланасың». Ақтауда «Арнайы монторинг тобы» мүшелері жол полициясы қызметкерлерімен парақорлыққа қарсы профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бірнеше күн қатарынан «Жолдарда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетудің 10 қадамы» аясында қала жолдарында рейдтік шаралар өтіп жатыр.

Рейдке облыстық «Арнайы мониторинг тобы» төрайымы Рухия Алдонғарова, орынбасары Әсет Манов, мүшелері Киікбай Ешманов пен Никар Рафикова, Мобильді топтың мүшесі Римма Өтесбаева қатысты.

Жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті ұйымдастырып отыр.

Іс-шараның мақсаты – жол полициясы қызметкерлері мен жүргізушілер арасында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік бар екенін түсіндіру.

«Пара берсең жазаланасың» атты парақшада «Пара беруші 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады» деп нақты жазылған.

Яғни, тек пара мен заңсыз сыйақыларды алушылар емес, пара берушілер де қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлық деректерімен кездескен жағдайда кез-келген азамат республикалық 1424 және өңірлік +7 707 170 14 24 шұғыл желілеріне хабарласуға болады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *