Немқұрайдылық. Надандық. Бейқамдық

211

 

Неше күн болды Денистің өлімі үшін полиция мен қылмыскерлерді кінәлап жатырмыз ғой. Бірақ екінші жақтан кінәлі қара халықтың өзі.

Неге қылмыс өршіп кетті? Неге полиция өз жұмысын дұрыс атқармайды? Өзіміз бейқам және немқұрайдылықпен қараған соң олар сондай басынушылыққа жетті. Бізде кез келген адам азаматтық позициясын айтуға қорқады және жігерсіз. Талап етуге қорқады. Ұсақ-түйек құқық бұзу мен тәртіпсіздіктерге көз жұма қараумен қатар өзі де тәртіп сақтамайды.
Қарапайым мысал: көшеде қоқысты лақтырып жүре береміз, оған ет үйреніп кеткен. Кез келген жерге, бала-шаға отыр ма деп қарамай, темекі тарта береміз, оны аяқтың астына тастай саламыз. Оны темекі тартқыштарға айтсаң, сұмырай боласың. Өзіңді ұрып жіберуден тайынбайды. Балконнан қоқысты лақтыра саламыз. Жол ережесін бұза саламыз. Ешкім көрмесе болды, әйтеуір. Обалынан қорықпай, қоқысқа нанды лақтыра саламыз. Осылай жалғасып кете береді.

Бәріне ет өліп кеткен өйткені. Өзімізден ештеңе бастағымыз келмейді. Кез келген тәртіп бұзушылыққа полиция шақырғымыз келмейді, пәлесінен аулақ деп.

Енді осыдан кейін полиция дұрыс жұмыс істемей, қылмыскер құтырмағанда кім құтырады?

Сөйтіп отырып, басқаның бәрін сынаймыз, өзіміздің бір жерімізге қарамай.

НЕМҚҰРАЙДЫЛЫҚ. НАДАНДЫҚ. БЕЙҚАМДЫҚ.

P.S. Біраз жылдан кейін Денис Тенді өлтіргендер бостандыққа ерте шығып кетіпті десе, «Ааа, иә!» дейміз де отыра беретін боламыз.

Серікқазы Кәкібалановтың фейсбук парақшасынан




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *