Ертең «Үшқоңыр» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді

1081

Ертең, яғни 10 тамыз сағат 15.00-да Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Астананың 20 жылдық мерейтойы шеңберінде «Үшқоңыр» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Көрмеде Елбасының «Үшқоңыр» атты жүрекжарды сөздерінің жинағына кірген суретшілердің туындылары көрсетіледі, — деп хабарлайды Ұлттық музейдің қоғаммен байланыс бөлімі.

«Үшқоңыр» жинағы 2017 жылдың соңына қарай Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен Тұңғыш Президент күні қарсаңында жарыққа шыққан. Елбасының қанатты сөздер жинағы қазақстандық суретшілердің еңбектерімен безендірілген. «Үшқоңыр» көрмесі Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туған өлкесі Үшқоңыр елдімекеніне арналған.

Көрмеде Б. Армат, А. Чунчалинов, Х. Қиқимов, Ж. Абдраман, Б. Нұрмағанбетов, В. Слабоспицкая, Т.Байғалиев, Қазақстан Ұлттық музейі қорынан Ә. Қастеев, С. Айтбаев сынды суретшілердің туындылары көрсетіледі.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *