Атырауда 91 метрлік тутұғырдың кұрылысы басталуда

223

Атырау облысының әкімі ағымдағы жылдың ақпан айында халыққа есеп беру кездесуінде жобаны таныстырған болатын, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Тутұғыр Жангелдин-Құлманов көшелерінің қиылысында орналасатын болады. Тутұғыр кешенінің аумағы 57 шаршы метрді, биіктігі 91 метрді қамтиды. Тутұғыр көлемі 112 шаршы метр болатын жаңа алаңда орналасады.

Сонымен қатар, тутұғырдың екі жағына екі субұрқақ салынады. Субұрқақтар бес деңгейден тұратын каскад түрінде жасалады.

Тутұғыр қаланың барлық жағынан көрінетін ең биік құрылыс болатыны сөзсіз. 91 метр жоғарыда орналасатын мемлекеттік туымыз қаламыздың сәнін келтіретін болады.

Айта кетейік,қурылыс жер пайдаланушылардың әлеуметтік аударымдарынан төленіп,мемлекеттік жеке меншікке қайтарылған қолданбаған жер бөлігінде орналасады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *