Азиада-2018: Қазақстан қоржынына 10-шы қола медаль түсті

355

Индонезияда өтіп жатқан ХVIII Жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына 10-шы қола медаль түсті.

ҚР ҰОК-тің хабарлауынша, семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы кезекті қола медалді жеңіп алды. Семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы жартылай финалда Жапония құрамасына жол беріп, құрлық додасында үздік үштікке енді. Есеп — 36:45. Осылайша Эльмир Алимжанов, Дмитрий Алексанин, Руслан Курбанов және Вадим Шарлаимов төрттігі Азия ойындарының қола жүлдегері атанып отыр. Еске сала кетейік, осыған дейін аталған спорт түрінен қазақстандық қыздар құрамасы да қола медаль жеңіп алды. Ал 19 тамыз күні семсерлесуші Дмитрий Алексанин Қазақстан қоржынына алғашқы және әзірге жалғыз алтынды салған болатын.

Қазақпарат

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *