Гималайда алып күйе көбелек табылды

431

Күйе көбелек Үндістанның  Солтүстік Шығысы мен Гималай тауында мекендейді. Әлемдегі ең алып күйе көбелегінің Attacus аналығын фотограф Сандеш Кадур көріп қалған. Көбелек қанатының серпіні 25 сантиметрді құрайды. Бастапқыда Кадур алып көбелектің өзіне шабуылдайтынынан сескенген. Дегенмен қолына алып, ұстап көрген. Сарапшылар көбелектің ешқандай  зияны жоқ дейді. Ол тек екі апта ғана тіршілік етеді.  Ауыз мүшесі болмағандықтан, тамақтана алмайды. Ол даму кезеңіндегі жұлдызқұрт сатысында жиналған май қоры есебінен өмір сүреді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *