«Азаматтық борыш» жобасы ІІМ академиясында өтті

132

«Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі “Азаматық борыш” жобасының кезекті кездесуін Ішкі істер министрлігінің Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясында өткізді. Жиынды ІІМ академиясының тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Нұрғазиев Мұхит Есенгелдіұлы ашты.  Алғаш таныстыруды академия қабырғасынан бастады, қызықты жайттар мен оқу бөлімінің тарихымен бөлісіп, жобаның маңыздылығымен, студенттерге алар өзектілігін түсіндірді.

Іс-шараның бас спикері болып Ауған соғыс ардагері, Орталық Азия елдері мен Қазақстандағы ардагерлер ұйымдарының үйлестіру кеңесінің атқарушы хатшысы Алтай Өтебайұлы Сарымолдаев шақырылды. Академия оқытушылары мен студенттер Алтай Өтебайұлының оқиғаларын тамсана тыңдады, жастық-шағынан бастап, Ауғанстанда басынан өткізген жайттарды баяндады. Болашақ мамандарға азаматтық борыштарын өтеудің маңыздылығың түсіндірді, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлы және өзге даңқты жауынгерлерді үлгі етіп, соғыс кезіндегі тарихи тақырыптарды атап өтті.  Студенттердің қызығушылығын танытып, қойылған сұрақтарына жауабын берді.

Қызықты әңгімерлерге толы жиыннан кейін Алтай Өтебайұлы өз атынан сый-сияпат жасап, полиция подполковнигі Нұрғазиев Мұхит Есенгелдіұлына, полиция майоры Жақиянов Елнар Сейтханұлына, полиция полковнигі Тұрғымбаев Айғали Мырзақұлұлына, полиция полковнигі Аубакирова Анна Александровнаға, полиция полковнигі Ақмарал Жұмасейітқызына медаль тарту етті.

Өткізілген жиын соңына келгенде «Адырна» ұлттық-этнография бірлестігі Алтай Өтебайұлын Алғыс хатпен марапаттады.

«Адырна» порталы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *