Биыл жол-көлік оқиғалары кезінде 1251 адам көз жұмған

218

Елімізде жол апатынан қаза болатындар саны азаймай тұр. Бұл туралы 24.kz ақпараттық порталы хабарлайды Жыл басынан бері жол-көлік оқиғалары кезінде 1251 адам көз жұмған. 13 мыңға жуық адамның денсаулығына зақым келіп, түрлі деңгейдегі жарақаттар алған. Ішімдік ішіп, рульге отырған 18 мың жүргізуші ұсталыпты. Ішкі істер министрлігі таратқан ақпарат бойынша тас жолда опат болғандар саны жылдан жылға азайып келе жатқан көрінеді. Мәселен, былтыр 17 мың жол апаты тіркеліп, 2 мыңнан астам азамат опат болған. Жараланғандар саны 22 мыңнан асады. 2016 жылғы көрсеткіш тіпті көңіл көншітпейді. Е8 айда 195 мыңнан астам құқық бұзу деректері тіркелген. Оның басым көпшілігі, яғни 70 пайызы қылмыстық сипатқа ие.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *