Фируза Шарипова мұқтаж отбасыға көлік сыйлады

219

Тараз қалалық әкімдігінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында Қазақстан Республикасының спорт шебері, әйелдер арасында бокстан кәсіпқой Әлем чемпионы Фируза Шарипова, 2017 жылғы «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңестің хатшысы, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Сейдәзімов Сембек, Рио-де-Жанейро қаласында өткен ХV жазғы Паралимпиадалық ойындарының жүзуден жеңімпазы – Габидуллина Зульфиямен кездесу өткізілді, деп хабарлайды Baq.kz  ақпарат агенттігіне сілтеме жасап kazgazeta.kz.

Кездесуді қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов ашып, Фирузаны жеңісімен құттықтап, сыйлық табыс етті. Өз кезегінде Қазақстан Республикасының спорт шебері, әйелдер арасында кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипова да Елбасының бағдарламасына өз үлесін қосуға ниет білдіріп, қаладағы мұқтаж жандарға ез есебінен автокөлік сыйға тарту ойында бұрыннан болғандығын жеткізді.

Бүгін осы ойы жүзеге асып, жанұясында екі мүгедек бала тәрбиелеп отырған Сейілжанова Ризаға су жаңа автокөлік кілтін табыс етті. Өз кезегінде Сейілжанова Риза Феризаға аналық алғысын жеткізіп, жанұясы атынан раушан гүл ұсынды.

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *