Дархан Кәлетаев Қоғамдық кеңес жұмысына қатысты

503

17 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму саласындағы Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Кеңес жұмысына ҚР қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев, Қоғамдық кеңес төрағасы Төлеутай Сүлейменов, ҚР Паламенті Мәжілісінің депутаты Серік Сейдуманов, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, министрліктің және комитеттердің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты, — деп хабарлайды ҚР Қоғамдық аму министрлігінің Баспасөз қызметі. 

Қоғамдық кеңес отырысында бірқатар өзекті мәселелер қаралды, атап айтқанда, министрліктің атауының өзгеруіне байланысты консультативтік-кеңесші органның атауы Қазақстан Республикасының қоғамдық даму саласындағы Қоғамдық кеңес болып өзгертілді. Сондай-ақ, күн тәртібінде Кеңес құрамынан шыққан Қоғамдық кеңес мүшелерінің орнына сайлау өткізу және кейбір нормативтік-құқықтық актілерге өзерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері қарастырылды.

Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев өз сөзінде Қоғамдық кеңестің мемлекеттік басқарудағы институт ретіндегі маңыздылығын атап өтіп, кеңес құрамын кеңейтуді ұсынды. Министрдің айтуынша, Министрлікке берілген қосымша өкілеттіліктерге байланысты, отбасылық саясат мәселелеріне сарапшылар тарту, диаспоралармен және басқа да жаңа бағыттар бойынша жұмыстарды жүзеге асыру қажеттілігі туындайды.

Дархан Кәлетаев Министрлік құрылымындағы өзгерістерге толығырақ тоқталды. Атап айтқанда, Қоғамдық жаңғырту департаментінің, Қоғамдық келісім, Жастар және отбасы істері комитетінің құрылғандығы туралы айтты. Бұдан бөлек, министр ведомствоға бағынысты ұйымдарға қатысты өзінің пікірімен және ұзақ мерзімді жоспарлары туралы ой бөлісті.

Кеңес барысында қатысушылар Кеңес құрамынан шыққан Қоғамдық кеңес мүшелерінің орнына, олардың қалған өкілеттілік мерзіміне сайлау өткізуді жариялау туралы шешім қабылдады және қарауға шығарылған нормативтік-құқықтық актілер талқыланды. Қоғамдық кеңестің шешімдері қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданды және арнайы хаттамамен бекітілді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *