Дәурен Абаев: «Мемлекеттік органдардың бірыңғай сайты құрылады»

134

ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қазақстанның мемлекеттік органдарының бірыңғай сайты құрылатынын айтты.

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңға сәйкес барлық орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ресми интернет-ресурстарының болуы міндетті. Бүгінгі күні олардың саны шамамен 300-ді құрайды. Сонымен қатар осы ресурстарды мониторингілеу аясында жыл сайын мемлекеттік органдардың ашықтығы сапасына және халықаралық рейтингтерге әсер ететін бірқатар проблемалар анықталды», — деп атап өтті министр.

 «Жобаны іске асыру үшін әрине, заңнаманы өзгертуге, дизайнды, құрылымды, контентті пысықтауға уақыт талап етіледі. Бірақ, қорытындысы бойынша біз айтарлықтай нәтиже күтеміз. 2019 жылдың ішінде орталық мемлекеттік органдардың, 2020 жылдың ішінде жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарын бірыңғай платформаға көшіру жоспарлануда», — деді Дәурен Абаев.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *