Жетісайлық диқандар жүзім алқаптарынан 3 мың тоннаға жуық өнім алды

265

Түркістан облысы Жетісай ауданында қауын, қарбыз жинау науқаны аяқталуға жақын. Өңір диқандары жүзім теру жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап kazgazeta.kz.

Ауданда жалпы көлемі 650 гектар жүзім алқабының  82,5 гектары ағымдағы жылы отырғызылған.  Жетісайлық диқандар жүзім алқаптарынан 2832 тонна өнім жинады. Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев қожалықтардың жүзімдік алқабында болып, жиын-терім жұмыстарының барысымен танысты.  «Серіктестіктердің иелегінде 75 гектар алма, 92 гектар жүзімдік алқабы бар. Алманың бір келісі 100-150 теңге, ал жүзімнің бір келісі 80-100 теңге аралығында сатылуда. Өндірілген өнімнің басым көпшілігі еліміздің солтүстік облыстары мен көршілес Ресей елінің шекаралас аймақтарына жөнелтілуде», — деді Жамантай Бейсенбаев. Серіктестіктің жұмысына жаңа серпін тілеген аудан әкімі алдағы уақытта өңірде қарқынды бау көлемі мен жүзім плантацияларын ұлғайту көзделіп отырғандығын жеткізді.  Жетісай ауданындағы жүзім алқаптарының басым көпшілігі Кеңес заманында әлемге аты мәлім болған Абай ауыл округінде орналасқан.  Қазіргі таңда Абай ауыл округінде 293,5 гектар жүзім алқабы жайқалып тұр.  Абайлық диқандар 1362 тонна жүзім жинап, ауданда көш бастады.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *