Түркістандағы ескі сәулет ескерткіштері жөнделеді

502

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Түркістандағы ескі сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетінін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісіне сілтеме жасап kazgazeta.kz.

«Осындай жұмыстар Түркістан бойынша ҮЗДІК-10 туристік карта нысандары шеңберінде жүргізілуде. Елбасы айтқандай: «Түркістан ежелден бері біртұтастық функциясын жоғалтпады, бұл түркітілдес елдерді біріктірудің негізі болып табылады». Осыған байланысты қаланы дамытудың сәулеттік тұжырымдамасы туристік және қажылық мүддесінің магниті болып табылатын Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің айналасындағы Жібек жолы дәуірінің ежелгі ұлылығының түпнұсқалық бейнелерін қалпына келтіруге бағытталған. Түркістан Түркі әлемінің мәдени-рухани астанасы ғана емес, бүкіл әлемде танымал еліміздің бренді болуы тиіс», — деп атап өтті Мәдениет және спорт министрі үкімет сағатында.

Бүгін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен «ҚР туристік саласын дамыту туралы» үкімет сағатында «KKazakhstan.travel» ұлттық туристік порталы іске қосылатынын мәлімдеді.

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *