«Жастарға кеңестік көмек беру» орталықтары ашылды

651

Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ тарапынан «Жастарға көмек беру» орталықтары ашылды. Ататлған орталықтар «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама жол картасын» жүзеге асыру аясында ұйымдастырылуда. Бұл туралы «Астана жастары» КММ Баспасөз қызметі хабарлайды.

Әрбір азаматтың өзін мазалаған сұрағымен немесе мәселесі бойынша аталған орталықтағы консультанттарға келіп көмек немесе кеңес алуға мүмкіндігі бар. Орталықта: Тұрғын үй басқарамасы, Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы, Жұмыспен қамту орталығы,Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, Халыққа қызмет көрсету орталығы және т.б. мекемелердің өкілдері қызмет көрсетеді. Сонымен қатар кәсіби заңгер мен психолог маманы консультациялар жүргізеді. Барлық консултациялық көмек тегін көрсетіледі.

Іс-шараның мақсаты – жастарға қазіргі уақытта асырылып жатқан және жас қазақстандықтарға бағытталған мемлекеттік бағдарламалармен таныстыру және қала тұрғындарына жеке сұрақтар бойынша консультациялық көмек беру.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *