Түркістанда «Қамқорлық» акциясы ұйымдастырылды

393

«Қарты бар елдің – қазынасы бар» демекші, бүгін қарттар күні.Осы мерекеге орай, Түркістан қаласында «Қамқорлық» акциясы ұйымдастырылды. Облыстың атқамінерлері осы жердің өркендеуіне үлес қосқан тыл еңбеккерлері мен қарттарын аралап, шаңырақтарына барып сый-сияпат жасады.

Әліпбек Өсербаев — Түркістан қаласының әкімі

Мереке күні ғана емес, біз өмірбақи, күнделікті әр қайысымыз өзіміздің ата-анамызды, жалпы қарттарымызды құрметтеуге тіиспіз. Өйткені, біздің осындай жағдайда жүргеніміз, қаламыздың, облысымыздың, жалпы Қазақстанның дамуына осы кісілердің кезінде қосқан үлестері зор.

Шайықбек Құдайбергенов  — тыл  еңбеккері

«Өзім қайда болсам, көңілім сонда» демекші, қарт болсақ та көңіліміз сіздерменен бірге. Aман-есен, елдің қамын ойлап, қызмет жасап жатырсыңдар, оны күніге көріп отырмыз.

Облыс бойынша, қазіргі таңда 164 мың зейнеткер тұрады және олардың ішінде 93 Отан соғысының ардагерлері, 10 мыңнан астамы тылда еңбек еткендер.  «Қамқорлық» акциясының негізінде қариялар  қоғамдық көліктерде тегін жүріп, коммуналдық төлемдерге де жеңілдіктер қарастырылды. Акция шеңберінде 15 мың 600-ге жуық ардагерге көмек көрсетілген.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *