Түркістан облысында үшем дүние есігін ашты

136

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының тұрғыны Ұлжалғас Бақтыбаеваның отбасына Айберік, Байсерік және Гүлсім есімді сәбилері қосылды. Отбасында үшемнен бөлек, тағы да бес бала тәрбиеленуде.

Үшем облыстық №1 перинаталды орталықта босандырылған. Перзентхана дәрігерлері 32 жастағы келіншектің толғағы мерзімінен бұрын келгенін мәлім етті. Сондықтан нәрестелердің салмағы  небәрі 2,5 келіні құраған екен. Нәрестелер дәрігерлердің тұрақты бақылауында.  Қазір анасының да, сәбилерінің де денсаулығы бір қалыпқа келіп қалды.

Үшемдердің анасы Ұлжалғас Бақтыбаева балабақшада тәрбиешінің көмекшісі болып жұмыс істейді. Ол бұған дейін бес баланы өмірге әкелген. Көп балалы атынып отырған отбасының қуанышында шек жоқ.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *