Жансейіт Түймебаев «BI Group» және «Саутс-Ойл» компанияларының өкілдерімен кездесті

253

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қазақстандық инвесторлар «BI Group» және «Саутс-Ойл» компанияларының өкілдерін қабылдады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқосуда  «BI Group» компаниясы Түркістан қаласында 50 мың шаршы метрді құрайтын бизнес орталықтың жобасын ұсынды. Орталықта офистік бөлмелер, мәжіліс залдары, жерасты автотұрақ орналасады. Ал «Саутс-Ойл» компаниясы 120 бөлмелік 5 жұлдызды қонақ үйдің сәулет-жоспарлау эскизін таныстырды. Қонақ үй стандартты, люкс орындарынан бастап, ең жоғарғы үлгіде жабдықталған жайлы бөлмелермен, мейрамхана және концерт залымен қамтылмақ. Аймақ басшысы инвесторларға эскиздік жұмыстарды жетілдіріп, құрылысты уақтылы бастау қажеттігін жеткізді. «Әкімшілік іскерлік орталықта жаңа облыстық әкімдік, басқармалар мен департаменттер және конгресс-орталық пен «Риксос» қонақ үйі ғимараттарының құрылысы қатар жүреді. Жұмысшылар 3 ауысыммен жұмыс істейді. Барлық ғимараттың жоспарын толық әзірлеп, құрылысты қазірден бастау керек», — деді Жансейіт Қансейітұлы. «BI Group» компаниясы өкілдері жаңа әкімшілік іскерлік орталықта облыстық әкімдік пен аумақтық мекеме ғимараттарының және Конгресс-орталықтың құрылысын жүргізеді. Орталықта форум, саммит, концерт залдар орналасады. Компания мамандарының айтуынша,  аталған барлық нысандар 1 жарым жыл ішінде толық аяқталмақ.

Облыс әкімі Ж.Түймебаев инвесторлар мен әкімдік арасында бірлескен жұмыс жоспарын әзірлеп, жұмыс тобын құруды тапсырды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *