Астанада «Жас қалам» жастар форумы өтті

180

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры мен Қазақстан жастарының конгресінің ұйымдастыруымен өткен қазақстандық журналистиканы дамытуға бағытталған  «Jas Qalam» жастар форумы өз мәресіне жетті.

 Бұған дейін Алматы, Тараз және Семей қалаларында форумдар топтамасы өткізілген болатын. Өңірлерде өткізілген форумдарға 500-ден аса жастар қатысты. «ИнформБЮРО» ақпараттық-талдамалық порталының бас редакторы Михаил Дорофеев, «31 арна» телеарнасының бас продюсері Нұржан Мұхамеджанов, танымал журналистер Серік Ақышев, Дина Төлепберген, Асқарбек Қазанғап пен басқа да отандық бұқаралық ақпарат құралдарының танымал өкілдері қатысушыларға арнап шеберлік сыныптары мен тренингтер өткізді.

Форумға 14 пен 29 жас аралығындағы 150-ден астам жастар қатысты.  Олардың қатарында қазіргі журналистер, журналистика факультетінің студенттері, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарына қызығушылық танытатын басқа да жастар болды.

Форум жұмысына ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының директоры, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева, ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев, «Қазақстан» телеарнасының директоры Еркін Мұхамеджанов, «ATAMEKEN BUSINESS» телеарнасының бас директоры Қанат Сахариянов, «7 арна» телеарнасының бас продюсері Нариман Қойшыбаев, «Егемен Қазақстан» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, «Казконтент» АҚ Басқарма төрағасы Думан Қожахметов, «ҚазАқпарат» ХАА бас директоры Асқар Омаров қатысты.    

Форумды ашқан Дариға Назарбаева: «Жас қалам» – шараға қатысушыларға қоғамдық-саяси және экономикалық қызметті жариялау жөніндегі журналистік қызметтің тәжірибелерімен бөлісуге, жұмыс түрлері мен  құралдарын, жас журналистердің ақпарат алмасу тиімділігін арттыру мәселелерін талқылауға, журналистикадағы ақпараттық технологияларды дамытуға мүмкіндік туғызатын платформа. Бұл жоба қатысушылардың журналистика саласында дамуына жол ашады. Журналист болу – көпті көру, көп тыңдау және әр отандасымызға өз заманының шындығын жеткізе білу», – деп атап өтті.

Журналистер мен баспасөз қызметі қызметкерлерінің үлкен кездесуі қыркүйек айында Назарбаев орталығында ұйымдастырылды. Кездесудің құрметті қонағы мен спикері «Московский комсомолец в Турции» (Москва/Стамбул) интернет-басылымының бас редакторы Яшар Ниязбаев болды.

Сонымен қатар, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры мен Кітапханасы тәуелсіздік жылдарында елдің жеткен жетістіктерін, қазақстандық мемлекеттіліктің негізі ретінде Елбасының идеялары мен бастамаларын жарыққа шығаратын үздік журналистерді анықтауды көздейтін «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» атты дәстүрлі шығармашылық конкурсын жариялады. Желтоқсан айында осы байқаудың жеңімпаздары анықталады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *