Түркістан облысында кинологтардың сертификациялық сынақтары өтуде

130

Түркістан облысындағы Біркөлік шатқалында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті ұйымдастырған еліміздегі жедел-құтқару жасақтары кинологиялық есептерінің сертификациялық сынақтарын өткізуде. Біліктілікті растау үшін Алматы мен Шымкент қалаларының, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының жедел-құтқару жасақтары сынақтарға қатысуда. Шараға Республикалық, Батыс, Оңтүстік  өнірлік аэромобильді жедел-құтқару жасақтарының 19 кинологиялық топтары да келді. Кинологтар лабрадорлар, неміс, бельгиялық овчаркалар және басқа иттерімен іздестіру-құтқару шеберліктерін көрсетті. Көптеген іздестіру-құтқару операцияларына қатысқан тәжірибелі құтқарушылар мен із кесушілер  үш кезеңнен тұратын арнайы  сынақтардан өтті. Бірінші күні қатысушылар кинолог-құтқарушылар және олардың төрт аяқты көмекшілері  «Тыңдауды және ептілікті тексеру» кезеңінен өтті. Сынақтардың бірінші кезеңінен  өткен қатысушылар келесі күндері табиғи және техногендік ортада іздестіру-құтқару жұмыстарының кезеңдеріне өткізіледі. Қатысушылардың ептілігін сертификациялық комиссия бағалайды. Сынақтар осы жылдың 20 қазанына дейін жалғасады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *