Жансейіт Түймебаев «Мир через духовность» қоғамдық ұйымының өкілдерімен кездесті

117

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Мир через духовность» қоғамдық ұйымы кеңесінің Ресей мен Қазақстандағы өкілдерімен кездесті. Басқосуда тараптар таяуда Сайрам ауданында Англия мен Америкадан келген білікті дәрігерлердің қатысуымен ұйымдастырылған халықаралық еріктілер лагері мен халықаралық медициналық конференция жөнінде пікір алмасты.

Кездесуде медицина саласындағы келешек ынтымақтастық мәселесі талқыланды. Сондай-ақ халықаралық медицина саласындағы  іс-шаралар мен алдағы жоспарлар жайы сөз болды. Отырыста қонақтар облыс басшысына Елбасының «Рухани жаңғыру» Жолдауы аясында Түркістан облысында шетелдік ғалымдардың қатысуымен халықаралық мәдени, ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастыру бойынша ұсыныстарын баяндады.

Аймақ  басшысы меймандардың ұсыныс-тілектерін толықтай қолдайтынын айтып, болашақта бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

«Мир через духовность» қоғамдық ұйымының мүшелері облыстық клиникалық ауруханада Халықаралық медициналық конференция өткізіп, медициналық мекеменің жетекшілерімен және мамандарымен тәжірибе алмасқан болатын.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *