Қазақстандағы шетелдік студенттердің саны қанша?

598

Биылғы оқу жылында Қазақстанның оқу орындарында 18 мың шетелдік студент білім алып жатыр, деп хабарлайды  Білім және ғылым министрлігі.

«Биыл Қазақстанда 18 мың шетелдік студент білім алып жатыр. Олардың көпшілігі Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдерден келген. Біздің мақсатымыз — шетелдік студенттер санын шамамен 40 мыңға дейін жеткізу. Жыл сайын 20 процентке көбейтіп отырсақ, алдағы 5-6 жылда Қазақстан айтарлықтай ауқымды білім беру хабына айналады. Ол үшін бірнеше шаралар жасалды: ағылшын тілінде сабақ беру, жаңа бағдарламалар дайындау, университтерге академиялық дербестік беру. Енді университтің өздері жұмысқа кірісуі керек», — деді министр ШЫҰ мүше-мемлекеттердің білім министрлерінің жетінші кеңесінде. Сонымен қатар, министр Қазақстанның медициналық мамандықтар бойынша үндістандық студенттерді көбірек қабылдауға және IT бағыттар бойынша Үндістанға магистранттар мен докторанттарды жіберуге уағдаласқанын атап өтті. «Кей бағыттар біздің елімізде жақсы жолға қойылған, ал екінші бір салалар бойынша Үндістанның тәжірибесі мықты. Сондықтан, бұл келісім қос елдің студенттері үшін де өте пайдалы», — деді Е. Сағадиев.

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *