«Өзен» фильмі «Asia Pacific Screen Awards»киножүлдесінің номинациясына ие болды

180

«Азиялық Оскар» ретінде танылған, жыл сайын өтетін «Asia Pacific Screen Awards» белді киножүлдесі үміткерлердің тізімін жариялады. Қазақстандық режиссер Эмир Байғазиннің «Өзен» фильмі «Режиссурадағы табыстар» номинациясынан көрінді,- деп хабарлайды Ш.Айманов атындағы «ҚАЗАҚФИЛЬМ» АҚ баспасөз қызметі.

12-ші Asia Pacific Screen Awards жүлдесінің жеңімпаздарын Австралияның Брисбен қаласында 29 қарашада жариялайтын болады. Айта кетсек, Эмир Байғазин 2013 жылы «Асланның сабақтары» фильмі үшін осы аталымда бақ сынап, киножүлденің жоғары бағасына ие болған (Hight commendation).

Одан бөлек, «Өзен» фильмі Лос-Анджелесте өтетін Asian World film festival кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына қатысады. Сондай-ақ, аталған кинотуынды Варшавадағы және Сан Паолодағы фестивальдің арнайы бағдарламаларында көрсетіледі. Ал «Өзен» фильмінің азиялық тұсаукесері үстіміздегі жылы қазанның 25-і мен қарашаның 3-і аралығында Токиодағы халықаралық кинофестивальдің конкурстық бағдарламасы шеңберінде өтеді.

«Өзен» фильміне қатысты жаңалықтар мені және менің командамды әрине қуантады. Осы орайда, командама алғысымды білдіргім келеді. Олар тек маған емес, сонымен қатар менің идеяларыма қашан да адал. Сондай-ақ, маған қолдау көрсетіп, сенім білдірген Мәдениет және спорт министрлігінің башылығына алғыс айтамын. Болашақта да қарым-қатынастарымыз нығайып, ортақ табыстарға қол жеткізенімізге сенімдімін, — деді режиссер.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *