Қазақстандық скрипкашы Ғалия Бисенғалиеваның «Тұлпар» синглының әлемдік тұсаукесері өтеді

387

19 қазанда қазақстандық скрипкашы Ғалия Бисенғалиеваның «Tulpar» («Тұлпар») синглының әлемдік тұсаукесері өтеді. Бұл туралы kazgazeta.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап хабарлайды. Ол жақында өзінің дебюттік туындысын жазып,  британдық музыкантпен бірлесіп шығарған альбомына енгізді.   Ұлыбританияда біраз уақыттан бері тұрып келе жатқан скрипкашы қазақ елінің мәдениетін еуропалық өнер сүйер қауымға насихаттап келеді. Халқына, отанына деген сағынышын мифологияға жүгіне отырып, өзінің алғашқы туындысын шығарды.  «EP ONE» атты альбомға кіретін «Tulpar» синглында скрипка мен электрондық музыканың үндескен әуені бар.«EP ONE» альбомындағы туындылар Лондондағы Spitfire Audio студиясында басылған.   Ғалия өз отанын сағынып, ұлттық мифологияға жүгінген. Ол Ұлыбританияда ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп, еуропалық тыңдармандарын туған елінің дәстүрі мен мәдениетімен таныстырып жүр. Ғалия Бисенғалиева — халықаралық конкурстардың лауреаты, Лондондағы Королева музыка академиясын скрипка класы бойынша тәмамдаған. 2018 жылы академия скрипкашыға Associate of Royal Academy of Music Award марапатын табыстаған. Ғалияның ата-анасы — кәсіби музыканттар. Әкесі — танымал қазақстандық скрипкашы Сағадат Бисенғалиев.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *