Данияр Елеусінов Мэтт Доэртимен жекпе-жегі алдында журналистермен кездесті

386

Данияр Елеусінов америалық Мэтт Доэртимен Бостонда өтетін жекпе-жегінің алдында баспасөз мәслихатында журналистермен кездескенін  Sports.kz хабарлайды.

«Маған Бостон ұнайды — өте жақсы қала, адамдары да жылы шырайлы. Мұнда айқасу — мен үшін абырой. Америкада көбірек бокстасқанды қалаймын, себебі АҚШ — «бокстың Меккесі». Джон Дэвид Джексон — чемпиондарды дайындаған бапкер, өзі де кезінде чемпион болған. Мен оның қамқорлығында боксымды айтарлықтай алға жылжыттым. Ол не істеу керектігін біледі», — деді қазақстандық боксшы.

Қазақстандық боксшының жекпе-жегі 21 қазан күні Бостондағы TD Garden аренасында  өтеді. Айқасты «Хабар» арнасы тікелей эфирден таңғы 06:00-де көрсетеді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *