Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында капсулды қонақүй ашылды

295

Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының Т1 терминалында «Caps Lock» футуристік стильдегі капсулды қонақүй ашылды. Жапон технологиясы бойынша әзірленген соңғы үлгідегі капсулды қонақүйде жуынып, шайынып, ұйықтап тынығу үшін барлық жағдай жасалған. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

Ең алғаш рет Жапонияда пайда болған капсулды қонақүй кейіннен туристер арасында кеңінен танымал болды. Бүгінде осындай демалыс орындары әлемнің көптеген әуежайларында: Дубай, Атланта (АҚШ), Филадельфия (АҚШ), Мюнхен (Германия), Лондон (Ұлыбритания), Амстердам (Нидерланды), Токио (Жапония), Мехико (Мексика) қалаларында бар.

Қазақстандағы әуежайлардың ішінде капсулды қонақүй тек алғаш рет Астана әуежайында іске қосылды. Қонақтардың осы жерде еркін демалуы үшін smart-TV, жеке сейф, түрлі түсті LED жарықтары, розеткалар, USB жүйесі, оқуға арналған үстел, желдеткіш, ауа баптағыш, өртке қарсы жүйе, оятқыш және ең бастысы таза төсеніштері мен жеке гигиеналық құралдары бар жанға жайлы ортопедиялық төсек қойылған.

Қонақүйде барлығы келушілерге берілетін магниттік SMART карта арқылы басқарылады. Оnline режимінде қонақтар өздеріне қажет рейстерді қолдарына берілетін планшет арқылы біліп отырады. Шағын қонаүйде жуынатын бөлмелер мен әжетхана бар. Оянғаннан кейін қонақтар кофе немесе шай ішіп, шағын бардың көмегіне жүгіне алады.

Қонақүй 10 адамға арналған. Оның пайдалану құны қолжетімді. Бірінші сағаты 1500 теңге, қалған сағаттары 1000 теңгеден. 7 жасқа дейінгі балалар ата-аналарымен қонақүй қызметін тегін пайдаланады. Енді Астанадан ұшатын жолаушылар әуежайда жайлылықпен демалуға мүмкіндік алды. Нөмірді брондау жүйесі www.booking.com және www.capslock.kz сайттары немесе +7-777-777-85-33 телефоны арқылы жүзеге асады. Қонақүйдегі жаңалықтармен @capsule.hotel.capslock инстаграм парақшасында да танысуға болады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *