Дәстүрлі «Балбөбек» балалар шығармашылығы фестивалі өтеді

563

Астана қаласында 30 қазан күні  «Балбөбек» ашық қалалық балалар шығармашылығы фестивалі өтеді,«Жастар» сарайында қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып жатқан фестивальда жас өнерпаздар үш күн бойы өнерлерін ортаға салады және жарыс бірнеше кезеңнен тұрады. Байқау — «Хореография», «Эстрадалық вокал», «Көркем сөз» және «Бейнелеу өнері» номинацияларынан тұратын болады. Фестивальге 26 қазанға дейін өтінімдер қабылданады және оған 7-17 жас аралығындағы дарынды балалар қатыса алады. Дәстүрлі «Балбөбек» байқауында осыған дейін бірнеше мыңдаған кішкентай әртістер, бишілер мен әншілер өнер көрсетті. Фестивальдің салтанатты түрде жабылу рәсімі мен жеңімпаздарды марапаттау 1 қарашаға жоспарланған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *