Astana AgroForum 2018 іс-шарасында ауылдық ҮЕҰ дамуын талқылады

546

Астанада Astana AgroForum 2018 аясында ауылдық жерлердегі үкіметтік емес ұйымдарының даму мәселелері бойынша республикалық конференция өтуде.

«Ауылдағы азаматтық қоғам мен ҮЕҰ дамуы» пленарлық отырысында негізгі спикерлер ретінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев, Қоғамдық даму вице-министрі Сергей Коновалов, Қазақстанның азаматтық альянсының президенті Асылбек Кожахметов, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері сөз сөйледі.

Қоғамдық даму вице-министрі Сергей Коновалов өзінің баяндамасында қазіргі таңда ауылдық азаматтық қоғамның жергілікті деңгейдегі мәселені шешуде маңызды рөл атқаратындығын атап өтті. Вице-министр ауылдық жерлердегі ҮЕҰ жергілікті жердің жағдайын жақсы білетіндігіне және өңірлерде әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін олардың бар әлеуетін дамыту керектігіне баса назар аударды.

Конференция барысында Сергей Коновалов ауылдық жерлердегі ҮЕҰ-ды әрі қарай дамыту және олардың ауылдық деңгейде жүзеге асырылатын бағдарламаларын жүзеге асыруға және мониторингке қатысу үшін министрліктің алға қойған мақсаттарын айтты.

Ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыру мәселесі, атап айтқанда, ауылдық аймақтың әлеуметтік ортасын жаңғырту Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында атап өтілгендігін айта кету керек.

Конференция аясында ҚР Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстанның азаматтық альянсы» ЗТБ ұйымдастырған ауылдық ҮЕҰ арасындағы әлеуметтік байқаудың қорытындысы жаряиланды.

Дауыс беру жасырын түрде өтті және жеңімпазды анықтауға кез келген азамат қатыса алды. Ең көп дауыс жинаған алты жоба кіші гранттарға ие болды.

Сонымен қатар, Astana AgroForum 2018 аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Қазақстанның азаматтық альянсы» ЗТБ арасында өзара түсіністік, серіктестік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат агроөнеркәсіптік кешенінің даму мәселелерінің кең ауқымы бойынша ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Астанада ауылдық үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың қатысуымен екі күндік конференция өтіп жатқандығын еске саламыз.

Конференция барысында қатысушылар азаматтық қоғам мен мемлекеттің ынтымақтастығы мәселелерін, сондай-ақ, үкіметтік емес сектордың ауыл шаруашылығының дамуындағы рөлін талқылады. Оларға ауылда азаматтық қоғам институттарының дамуына, ауыл шаруашылықтың дамуындағы ҮЕҰ рөлінің өсуі және ауылдық жерлерде өмір сүру деңгейін көтеруге арналған семинарлар ұйымдастырылды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *