«Алтын қалам-2018» жүлдегерлері анықталды

392

Алматыда өткен «Алтын қалам» дәстүрлі әдеби жүлдесі биыл да үздік қаламгерлерді анықтады. Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен мыңға жуық шығарма келіп түскен. Олардың басым көпшілігі, оқырман ықылысына бөленіпті. Жүзден жүйрік, мыңннан тұлпар шыққандар, әдеби байқаудың жүлдегері атанып, жұлдыздары жанды. Байқауға қойылған бір ғана талап-тек жаза білу қабілетінің болуында. Тіпті, осы байқаудың бірнеше мәрте жеңімпазы болсаңыз да, жүлдеден үмітті бола аласыз.

Конкурстың соңғы қысқа тізіміне әрбір жанр бойынша бес шығармадан енгізілді. Биыл ұйымдастыру комитетінің және қазылар алқасы құрамына Досым Сатпаев, Айдос Сарым, Арман Шораев, Нұржан Мұхамеджанова, Расул Жұмалы, Кенже Жұманұлы, Қуат Домбай, Бекнұр Қисықов, Байғали Есенәлиев, Ділдәгүл Нұраханбет, Татьяна Филипчик және басқалар енді.

«Алтын қалам 2018» әдеби жүлдесінің жеңімпаздары марапаттау шарасы Алматы қаласындағы елімізге және шетелге кең танымал ARTиШОК театрында өтті.

Қазақтан шыққан алғашқы меценаттардың бірі Есенқұл Маманов атындағы сыйлық «Қазақтың үздік романына» берілді. Бас жүлде 1 млн. теңгені ақын, жазушы журналист Айдын Күлімхан иеленді. Балалар жазушыларына арналған «Дарабоз» байқауының бас жүлдесін және 1 млн. теңгені прозалық және сын-зерттеу кітаптарының авторы, филология ғылымдарының докторы, Халықаралық Ш.Айтматов академиясының академигі Бекен Ыбыйрайым жеңіп алды.

Айта кететін жайт, қазақ әдебиетінің жанашыры, танымал меценат Олжас Құдайбергенов биыл фантастика жанрында жазылған үздік шығармаға өз атынан 1 млн. теңге қаржылай сыйақы тағайындалды. Қомақты ақшаны белгілі қаламгер, «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің Бас редакторы Нұртөре Жүсіп жеңіп алды.

Байқауға жұмыстар наурыз айынан қыркүйек айының ортасына дейін қабылданып, оқырмандар ғаламтор арқылы қазан айына дейін дауыс берді. Сайысқа түскен барлық шығарма жүлденің www.akalam.kz ресми сайтына орналастырылды. Оқырмандарындың қолдауы мен қазылардың таңдауы бойынша әр аталым бойынша жеңімпаздар анықталды.

 

Айдос  САРЫМ, саясаттанушы:

-Жылдан-жылға ұласқан, дәстүрге айналған «Алтын қалам» әдеби сыйлығының қорытынды салтанатына жиналып отырмыз. Ұйымдастырушылардың атынан, бүгінгі жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын. Биыл ерекше жыл болды. Конкурсқа ұсынып отырған азаматтардың саны да, сапасы да қуантып отыр. Әсіресе, қазақ әдебиетінде тың өзгерістер орын алып келеді. Әсіресе, детектив, фантастика, фэнтези сияқты жанрларды ізденіс бар. Жылдан-жылға қатарымыз кеңейіп, шын мәніндегі ең лайық, ең үздік деген азаматтар бұл сыйлықты ала берсін деп тілейміз!

Дулат ИСАБЕКОВ, жазушы, драматург:

-Әдебиетке назар аударып келе жатқанымыз дұрыс жол. Мені, әсіресе жастардың әдебиетке келіп жатқаны қуантады. Менің қатты күдігім болған. Не ақшасы жоқ, не абыройы жоқ болған соң, біздің жастар әдебиеттен безіп, басқа салаға кетіп қалатын болды -ау, таланттар ішінде кетті-ау дейтінмін. Құдайға шүкір, бүгін жас жігіттер осы әдеби байқаудың марапат иегерлері атанып жатыр. Осы байқаудың ең бір жақсысы, шығарман мықты болса болғаны, бес рет ала ма, он рет ала ма, сені осы байқауға қатысуға шектемейді. Қаламгерлерді қолдаңыздар, жасын да, кәрісін де. Екеуі де қолдауға мұқтаж.

Нұржан Мұхамеджанова, 31 телеарнаның Бас продюсері:

-Еліміздің бетке ұстар азаматтарымен бірге осы «Алтын қалам» әдеби байқауының өткізілуіне тоғыз жылдың ішінде қолдау жасап, ұйымдастыру жұмыстарына қатысып келеміз. Мен уақыттың тез екенін кейде «Алтын қалам» жүлдесінің қорытындылау кеші арқылы бағамдап жатамын. Бір жағынан уақыт жылдам, екінші жағынан осы байқау арқылы әдебиетке құштар, шығармашылығы өте керемет азаматтардың шығармашылығымен танысу мүмкіндігіне иеміз. Биыл да мен өзім оқып, етене жақын танысқан драмалық шығармалар номинациясы бойынша, 50-ден астам еңбекті оқып, талдап, таразылап шықтық.

«Алтын қалам 2018» жүлдесінің жеңімпаздары:

«Жылдың үздік прозасы» — Есболат Айдабосын (Талдықорған);

«Жылдың үздік кино сценарийі және драматургиясы» — Дүйсен Кеңес (Алматы);

«Жылдың үздік балалар және жасөспірімдер әдебиеті «Дарабоз» — Бекен Ыбырайым (Алматы);

«Жылдың үздік сатирасы»-Қанағат Әбілқайыр (Алматы);

«Жылдың үздік фантастикасы және детективі»-Нұртөре Жүсіп (Астана);

«Қазақтың үздік романы»-Айдын Кәлімхан (Талдықорған);

«Қазақ әдебиетіне қосқан елеулі еңбегі үшін»-Дулат Исабеков (Алматы);

«Лучшая поэзия года» — Калмагамбетова Лариса (Алматы);

«Лучшая проза года»-Валуйских Дина (Караганда);

«Лучшая детская и подростковая литература года «Дарабоз»-Айзакова Жанаргуль (Алматы);

«Лучшая сатира года имени Есенжола Домбай»-Теплухин Аркадий (Алматы);

«Лучшая фантастика и детективы года»-Бычков Никоолай (Оскемен);

«Лучшая кино сценарий и драматургия года» — Кольченко Лариса (Петропавлск)

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ,

Азамат ҚҰСАЙЫНОВ,

«Қазақ газеттері»




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *