«Комсомол тойына» көзқарасым

588

ФБ достар да, журналист бауырларым да менің «Комсомол тойына» көзқарасыма «қызығушылық» танытып хабарласып қояды. Мен саясаткер емеспін, политолог та емеспін, саяси ахуалды білмеймін, бірден пікір білдірудің өзі де қиын.
Тарихшы ғалым есебінде айтарым, Ресей билігінің әлеуметтік базасы нашарлаған болуы керек. Кез келген билік белгілі және күшті әлеуметтік базаға сүйенбей сайлауда жеңе алмайды, оғып-бұғып жеңсе де үкімін жүргізе алмайды. Суға батып бара жатқан тал қармайды деген, қармаған талдары комсомол ма деймін. Бірақ осы тал қаншалықты сенімді ? Оған үлкен күмәнім бар ! Себебі біздің замандастарымыз комсомолды көрдік, партияның барып кел, шауып келі еді ғой. «Алға комсомол Ленин жолында, алға комсомол туың қолыңда». Естеріңізде ме ? Осы ұранмен жастарды кезінде Алаштың азаматтарына, шаруа баққан байларына, дін баққан молдаларына қарсы айдап салған. «Қойдай қу қамшымен, бай менен молданы !». Бізді коммунистік сенбілікке, парадтарға шығаратын да комсомол еді ғой. Ұмытқан жоқсыздар, иә ?!
Осыдан бірнеше жыл бұрын ресейлік бір азамат архивтен архив қоймай ақтарып, өзінің 1937 жылы атылған әкесін кім атқанын анықтады. Комсомол қыз екен, бұрыңғы жендет қазір кәдімгідей немере сүйіп әже болып отыр ! Менің не кінам бар, «партия халық жауларын ат» деді, аттым дейді. Енді осыдан кейін комсомолдың кінәсі жоқ, қолы таза деп айта аласыз ба ? Ресей билігі өз қоғамына ішкі мәселе, ішкі жау тауып беріп, азаматтық қарама-қарсы тұру арқылы да өз тіршілігін жалғастыра беруге үмтітті болуы мүмкін.

Жамбыл Артықбаевың фейсбук парақшасынан




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *